Перейти к содержимому

Барлық білім беру бағдарламалары

Технология, бизнес және цифрлық экономикадағы мансабыңыздың бастамасы болатын бағдарламаны таңдаңыз.

59 бағдарлама табылды

6B04105

Қаржылық технологиялар

Бұл бағдарлама корпоративтік қаржы, инвестициялар және қаржылық талдау саласында терең білім алуға, озық қаржылық инновациялармен және компьютерлік технологиялармен танысуға ниет білдірген халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлайды. Осы білім беру бағдарламасы қаржылық талдау, стратегиялық жоспарлау, капитал салымдарын бюджеттеу, салық салу, айналым капиталын, капитал көздерін басқару, бағалы қағаздар мен фирмалар активтерінің тәуекелдерін бағалау және құндық бағалау үшін теориялық негіздер мен сандық әдістерді береді

География + Математика
Толығырақ
6B06101

Компьютерлік ғылымдар

Бағдарламалаудың математикалық негіздерін оқып үйреніп, веб және мобильді қосымшалардан бастап жасанды интеллект жүйелеріне дейінгі заманауи цифрлық шешімдерді жасаңыз. Бағдарлама алгоритмдерді, әзірлеуді және деректерді талдауды біріктіреді.

Шекті балл: 78 бастап Информатика + Математика
Толығырақ
6B06103

Үлкен деректер аналитикасы

Деректерді білімге, болжамдарға және негізделген шешімдерге айналдырыңыз. Бағдарлама бағдарламалауды, математикалық статистиканы, машиналық оқытуды, Big Data технологияларын және деректерді визуализациялауды біріктіреді. Сіз үлкен ақпарат жиымдарынан заңдылықтарды табуды және оларды бизнестің әрі ұйымдардың нақты міндеттерін шешу үшін пайдалануды үйренесіз.

Информатика + Математика
Толығырақ
6B06104

Бизнес-талдау

Бизнес міндеттері мен технология мүмкіндіктерін байланыстырыңыз. Бизнес-процестерді талдауды, ұйымдардың қажеттіліктерін анықтауды, деректермен жұмыс істеуді және ақпараттық жүйелердің өзгерістерін жобалауды үйреніңіз. Бағдарлама бизнес-талдауды, ақпараттық технологияларды, процестерді модельдеуді және өзгерістерді басқаруды біріктіреді.

География + Математика
Толығырақ
6B06105

Ақпараттық жүйелер

Бизнес пен ұйымдарға арналған ақпараттық жүйелерді жобалаңыз және құрыңыз. Бағдарлама бағдарламалауды, АЖ жобалауды, деректерді басқаруды, бұлттық технологияларды, бизнес-процестерді және жасанды интеллектті біріктіреді.

Информатика + Математика
Толығырақ

Готовы начать путь в IT?

Узнайте больше о передовых образовательных программах IITU, требованиях к поступлению и начните процесс подачи документов уже сегодня.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы