Перейти к содержимому

IT саласындағы әйелдер: мүмкіндіктер, даму және перспективалар

Технологиялар әлемінде өз жолыңызды қалай бастау керек, қандай дағдыларға сұраныс жоғары және ауқымды финтех-жобаларды қалай басқаруға болады?IITU студенттерін ашық кездесуге шақырамыз! Бұл жиында біз қыздардың IT саласындағы мансап жолын талқылап, индустриядағы нақты кейстерді талдаймыз және…

2026-05-08 1 мин чтения
IT саласындағы әйелдер: мүмкіндіктер, даму және перспективалар

Технологиялар әлемінде өз жолыңызды қалай бастау керек, қандай дағдыларға сұраныс жоғары және ауқымды финтех-жобаларды қалай басқаруға болады?


IITU студенттерін ашық кездесуге шақырамыз! Бұл жиында біз қыздардың IT саласындағы мансап жолын талқылап, индустриядағы нақты кейстерді талдаймыз және пайдалы инсайттармен бөлісеміз.


🎤 Біздің сарапшылар:


▪️ Сая Едігенова — банкинг және инвестиция саласында тәжірибесі бар бизнес-аналитик. Халықаралық IT-компаниядағы жұмыс тәжірибесі және жобаларды Discovery кезеңінен бастап толық енгізуге дейін басқару бағытында үлкен жолдан өткен маман.

▪️ Толғанай Чинибаева — PhD, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі.


Кездесу әзірлеу, аналитика немесе IT-өнімдерді басқару саласында мансап құруды жоспарлап жүрген барлық студенттер үшін өте пайдалы болмақ. Сұрақтарыңызды дайындап келіңіздер!


🗓 Күні: 12 мамыр

⏰ Уақыты: 12:10

📍 Өтетін орны: 907-аудитория


Мықты мотивация алып, ірі жобалардағы мансаптың қалай құрылатынын білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Сіздерді күтеміз!

Готовы начать путь в IT?

Узнайте больше о передовых образовательных программах IITU, требованиях к поступлению и начните процесс подачи документов уже сегодня.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы