Перейти к содержимому

IT саласындағы нәзік жандылар: мүмкіндіктер, даму және перспективалар

Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультетінде «IT саласындағы нәзік жандылар: мүмкіндіктер, даму және перспективалар» тақырыбында кездесу өтті.Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында IT мамандықтарын дәріптеу, технологиялар саласындағы әйелдер қауымының кәсіби дамуын қолдау және…

2026-05-13 1 мин чтения
IT саласындағы нәзік жандылар: мүмкіндіктер, даму және перспективалар

Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультетінде «IT саласындағы нәзік жандылар: мүмкіндіктер, даму және перспективалар» тақырыбында кездесу өтті.


Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында IT мамандықтарын дәріптеу, технологиялар саласындағы әйелдер қауымының кәсіби дамуын қолдау және заманауи цифрлық бағыттарға деген қызығушылықты қалыптастыру.


Іс-шара спикерлері ретінде банк саласында, инвестицияларда және Andersen Lab халықаралық IT-компаниясында жұмыс тәжірибесі бар шақырылған бизнес және жүйелік аналитик – Сая Едігенова, сондай-ақ «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі Толғанай Чинибаева сөз сөйледі.


Кездесу аясында қатысушылар IT-индустрияның заманауи бағыттарымен, халықаралық IT-командалар жұмысының ерекшеліктерімен және бизнес немесе жүйелік аналитик мансабына қажетті негізгі дағдылармен танысты. Спикерлер IT-жобаларды іске асырудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби даму, мансаптық мүмкіндіктер және технологиялық саладағы әйелдердің рөлі туралы айтып берді.


Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Мұнда студенттер IT саласы туралы көбірек біліп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя мүмкіндігіне ие болып, спикерлерден кәсіби даму және мансап құру бойынша пайдалы кеңестер алды.

DSC01862.jpgDSC01901.jpgDSC01938.jpgIMG_6198.jpgIMG_6285.jpgIMG_6346.jpg

Готовы начать путь в IT?

Узнайте больше о передовых образовательных программах IITU, требованиях к поступлению и начните процесс подачи документов уже сегодня.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы