Перейти к содержимому

ХАТУ-дағы психологиялық денсаулық апталығы: студенттер мен қызметкерлерге арналған іс-шаралар қорытындысы

2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында студенттер мен қызметкерлердің психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.20 сәуір Бас корпустың (фойе) аумағында сағат 10:00–13:00 аралығында UIB-тің студент-практикант-психологтары ұйымдастырған жеке психологиялық…

2026-04-27 1 мин чтения
ХАТУ-дағы психологиялық денсаулық апталығы: студенттер мен қызметкерлерге арналған іс-шаралар қорытындысы

2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында студенттер мен қызметкерлердің психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.


20 сәуір Бас корпустың (фойе) аумағында сағат 10:00–13:00 аралығында UIB-тің студент-практикант-психологтары ұйымдастырған жеке психологиялық консультациялар өтті. Студенттер өздерін толғандырған жеке мәселелерін талқылап, психологиялық қолдау алу мүмкіндігіне ие болды.


21 сәуір «Qamqor» клиникасының клиникалық психологы Адиля Ринатовна «Студенттер арасындағы үрей: оқу мен өмірде өзін-өзі реттеудің практикалық тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында студенттер үрейді төмендету және стрессті басқару әдістерімен танысты.


23 сәуір Университет қызметкерлері үшін екі кездесу өткізілді: — Психиатр-дәрігер Ассимова Тамара Абубакировна — «Психиатрлар туралы мифтер мен шындық: эмоционалдық қажуды жеңудегі психиатрияның рөлі» — Психолог Нурпеисова Салтанат Юсуфовна — «Қызметкерлердің психологиялық әл-ауқаты: стресстің алдын алу және ресурстарды сақтау»


24 сәуір ХАТУ психологтары ЖОО психологтары мен психиатр дәрігерімен бірлесіп онлайн-кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында суицидтік мінез-құлықпен жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін әзірлеу мәселелері талқыланды. Апта бойы Студент-практикант-психологтар психологиялық әл-ауқатқа қатысты әртүрлі тақырыптар бойынша сауалнама жүргізіп, бейнетүсірілім жұмыстарын атқарды.


Қорытынды: Өткізілген іс-шаралар психологиялық денсаулық мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ университеттің студенттері мен қызметкерлерінің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға ықпал етті.

DSC05833.JPGDSC05859.jpgDSC05888.jpgDSC05905.jpgDSC06004.JPGDSC06021.jpgDSC06067.jpgDSC06023.jpgDSC07193.jpgDSC07217.jpgDSC07201.jpgDSC07247.jpgDSC07258.jpgDSC07296.jpg

Готовы начать путь в IT?

Узнайте больше о передовых образовательных программах IITU, требованиях к поступлению и начните процесс подачи документов уже сегодня.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы