Перейти к содержимому

«Қазақстан боксы: өткені мен бүгіні»

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінде Қазақстан боксының қалыптасу тарихы мен қазіргі жетістіктеріне арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан бокс федерациясының өкілдері, Олимпиада чемпиондары, ардагер спортшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.Кездесу барысында ұлттық…

2026-02-04 1 мин чтения
«Қазақстан боксы: өткені мен бүгіні»

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінде Қазақстан боксының қалыптасу тарихы мен қазіргі жетістіктеріне арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан бокс федерациясының өкілдері, Олимпиада чемпиондары, ардагер спортшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.


Кездесу барысында ұлттық бокс мектебінің даму кезеңдері, халықаралық ареналардағы табыстары және алдағы бағыттары талқыланды. Қатысушылар спорттың ел имиджін қалыптастырудағы рөлі мен жас буынды тәрбиелеудегі маңызы жөнінде ой бөлісті.

DSC07567.jpgDSC07542.jpg

















Шара аясында қазақ боксының 85 жылдық тарихын қамтитын деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, профессор Қасым Мауленовтың «Геннадий Рожков» атты кітабының тұсаукесері өтті.

DSC07684.jpgDSC07685.jpg

















Кездесу соңында қазақ боксының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге «Қазақстан боксының ардагері» құрметті төсбелгісі табысталды.

Аталған марапатқа Абдрахманов К.Б., Килимов А.С., Юрченко М.Ю., Жақсыбаев К.К., Сабитов М.С., Дүйсебаев Ч.Ж., Боранчиев С.С., Наурызбаев М.К., Кабазиев Б.М., Мауленов Қ.С., Кшибеков Т.Д. және Галаев А.И. ие болды.

DSC07771.jpgDSC07786.jpgDSC07790.jpgDSC07796.jpgDSC07807.jpgDSC07818.jpgDSC07836.jpgDSC07844 (1).jpgDSC07852.jpgDSC07858.jpgDSC07860.jpg

Готовы начать путь в IT?

Узнайте больше о передовых образовательных программах IITU, требованиях к поступлению и начните процесс подачи документов уже сегодня.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы