Перейти к содержимому

IITU баскетбол құрамасы — 2025/2026 маусымының жоғары «А» дивизионының чемпионы

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) баскетбол құрамасы 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша ең мықты «А» дивизионында алтын медаль жеңіп алды.Команда турнир барысында алаңда жоғары дайындық деңгейі мен тактикалық басымдық танытты. Университет құрамасы өткізілген 18…

2026-05-08 1 мин чтения
IITU баскетбол құрамасы — 2025/2026 маусымының жоғары «А» дивизионының чемпионы

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) баскетбол құрамасы 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша ең мықты «А» дивизионында алтын медаль жеңіп алды.


Команда турнир барысында алаңда жоғары дайындық деңгейі мен тактикалық басымдық танытты. Университет құрамасы өткізілген 18 ойынның 17-сінде айқын жеңіске жетіп, тек бір рет қана есе жіберді. Бұл тамаша нәтиже командалық ауызбіршіліктің, қатаң тәртіптің және спортшылардың кәсібилігінің арқасында мүмкін болды.


IITU өкілдерінің жеке жетістіктері ерекше назар аударуға тұрарлық. Ұйымдастырушылардың шешімімен университетіміздің өкілдері маусымның басты марапаттарын қанжығасына байлады:


Турнирдің үздік бапкері — Ривхат Бабекенов


Турнирдің үздік ойыншысы (MVP) — Артем Тугалев


Турнирдің үздік қорғаушысы — Әділ Досов


Университет өз студенттері мен бапкерлер құрамының жетістіктерін мақтан тұтады. Баскетбол командасын лайықты чемпиондық атағымен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!


WhatsApp Image 2026-05-06 at 16.35.10 (2) 1.pngWhatsApp Image 2026-05-06 at 16.35.10 1.pngWhatsApp Image 2026-05-06 at 16.35.11 (2) 1.pngWhatsApp Image 2026-05-06 at 16.35.12 1.png

Готовы начать путь в IT?

Узнайте больше о передовых образовательных программах IITU, требованиях к поступлению и начните процесс подачи документов уже сегодня.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы